+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Тараздағы карантин: 7 блокпосттың барлығы бейнебақылаумен қамтылған

2020 жылғы 7 сәуір 12:50
Бөлісіңіз:
Тараздағы карантин: 7 блокпосттың барлығы бейнебақылаумен қамтылған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында бүгін яғни 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Осыған байланысты қаланың аумағында 7 жерден блокпост қойылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев кеше түнде аталған барлық блокпостты аралап, жұмысымен танысты.

«Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап қала аумағында карантин режимі енгізіледі. Осыған байланысты қалалық әкімдіктің жанынан жедел штаб құрылды. Штаб құрамына қаланың барлық бөлімдері, полиция, СЭС мамандары енгізілген. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді және арнайы жедел телефондары орнатылған. Онда тиісті сала мамандары кез-келген сұрақатарға жауап береді», - дейді қала әкімінің кеңесшісі Нұраддин Рақай.

Шаһар басшысы блок-бекеттерді аралау барысында олардың видеобақылаумен, қажетті материалдармен (тефаль, диспенсер, антисептикалық заттар, стол, орындық) компьютермен, орындықтар, дезинфекциялық сұйықтық құйылған бөшкелермен, электрлі генератормен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді.

Айта кетейік, бекеттердегі видеобақылау облыстық, қалалық штабпен үйлестірілген. Онда 2 медбике, 7 әскери қызметкер, 3 жергілікті полиция, 2 әкімдік қызметкерлерінен тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған.

Бұған дейін Тараз қаласы карантинге жабылатынын хабарлаған болатынбыз. Карантин кезінде қалаға кіріп-шығу, тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT