Тараздағы дәмхана алдында жас жігітті пышақтап кетті

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда кафе алдында тұрғынды пышақтап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны Тараз қаласының кафелерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, сол кафеден шығып бара жатқан ер азаматқа, бұзақылық ниетпен тиісіп, жанжал шығарған .

Нәтижесінде күдікті жәбірленушінің жүрегіне пышақпен шаншып кесілген дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші Тараз қаласының ауруханасының жан-сақтау бөліміне түскен. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Тергеу барысында күдікті өзінің кінәсін толық мойындады»,-делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабымен, яғни, адам өлтіруге оқталумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде «Күзетпен ұстау» қолданылып, тергеу судьясымен санкцияланды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар