Тараздағы базарда болған өрт кезінде құтқарушыны тоқ соқты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Таразда өрт кезінде құтқарушыны тоқ соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылдың 20 қаңтарында сағат 13:22-де Тараз қаласы, Ақсай базарындағы сауда орнында болған өрт кезінде құтқарушыны ғимарат маңында үзілген электр сымынан шыққан тоқ соққан.

Оқиға өрт сөндіру жұмыстарына дайындық кезінде (жауынгерлік қанат жаю) болған.

Тоқ соққан адам Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау кіші сержанты 1998 жылы туылған Нұрболат Қонақбай.

«Абырой болғанда құтқарушының жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында болады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Тараз базарынан өрт шығып, 4 адам құтқарылғанын хабарлдық.

Өрт 14:56-да сөндірілді.



Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар