Тараздағы батуттар тексерілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда аттракциондағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында облыс орталығында орналасқан аттракциондарға, батуттарға рейд жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш рейдтік шараны жергілікті полиция қызметі, ТЖ департаментінің Тараз қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құрылған комиссия жүргізді.

Рейд барысында батут иелеріне аттракциондарда қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету жайы, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдыруға болмайтыны ескертілді.

Өз кезегінде техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінің бөлім басшысы Құралай Қырғабақова аттракциондарды ретке келтіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуетті биохимиялық қауіп дәрежесіне байланысты рұқсат құжаттары туралы айтты. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерін Қазақстан Республикасының «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартымен таныстырды.

Айта кету керек, аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдау мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында да қаралған болатын.

Соңғы жаңалықтар