+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Тараздағы балалар үйінің жеткіншектері «Реал Мадрид» клубымен кездесуге аттанды

2019 жылғы 22 қазан 11:26
Бөлісіңіз:
Тараздағы балалар үйінің жеткіншектері «Реал Мадрид» клубымен кездесуге аттанды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанда балалар үйі және мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасындағы футбол чемпионатының жеңімпаздары Мадрид қаласына, әлемге танымал «Реал Мадрид» футбол клубымен кездесуге аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мемқызметшілер Арыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті Аружан Саин Бас прокурордан барлық балалар үйін тексеруді сұрады

Аталмыш турнирде «Тұлпар» командасы жеңімпаз атанды. Олар - 11-14 жас аралығындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Қазір жеткіншектер Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында тәрбиеленіп жатыр.

Балалардың Испанияға сапары «Реал Мадрид» футбол клубымен кездесумен есте қалады. Сонымен қатар олар Испания королінің сарайына, «Сантьяго Бернабеу» стадионы мен мұражайына, Қазақстанның Испаниядағы консулдығына саяхаттайды. Сапар 27 қазанға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, 10-13 қыркүйекте Алматы қаласында Испаниядағы үздік клубтардың бірі - «Реал Мадрид» футбол клубымен кездесу үшін балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында 12 мықты команда өзара бақ сынасты. Жалпы, жоба бойынша 300-ге жуық футболшы баланың атынан өтінім қабылданды.

«Чемпионаттың басты мақсаты - балаларды ынталандыру және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер арасында талантты футболшыларды дамыту. Біздің қор бірнеше жыл қатарынан осындай бұқаралық спортты дамытуға көмек көрсетіп жатыр. Мәселен, бүкіл ел бойынша қазіргі заманғы спорт және балалар ойын алаңдарын орнату бойынша жоба іске асырылуда, дарынды балаларға жол гранттары үлестірілуде, республикалық жазғы спартакиада өтті», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Иргебаев.

«Арманыңа жақында» чемпионатының ұйымдастырушысы - «BAURZHAN» қайырымдылық қоры, бас әріптес - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT