Тараздағы бала зорлау оқиғасынан кейін Алматыда бос тұрған 12 ғимараттың есігі мөрленіп, жабылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тараздағы бала зорлау оқиғасынан кейін Жетісу ауданында қаңырап бос тұрған ғимараттардың есіктері мөрленіп, жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі Мақсат Қиқымов айтты.

«Тараздағы оқиғадан кейін біз дереу мектеп айналасындағы қараусыз қалған ғимараттарды тексеріп шықтық. Нәтижесінде бос тұрған 12 ғимарат анықталды. Оларды шұғыл түрде жауып тастадық. Айта кетейік, оның барлығы - жеке меншік», - дейді аудан әкімі

Еске салайық , 2019 жылдың 15 қарашасында Тараз қаласындағы мектептердің бірінің әжетханасында кәмелет жасына толмаған оқушы қыз зорланды. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жамбылдық полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні оқиғаның ізін суытпай ұстады .

Кейіннен анықталғандай, кәмелетке толмаған қыз облыс орталығындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты. Күдікті азғындық әрекетін мектептің сыртындағы әжетханада жасаған.

Кейін білім ошағының басшылары қызметінен кетті.

Фото: newsvl.ru
Соңғы жаңалықтар