Тараздағы аурухананың терезесінен 2 жасар бала құлап кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Оқыс оқиға Тараз қаласының ауруханаларының бірінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл жағдай 12 маусым күні күндізгі 2-лер шамасында облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2 жасар бала абайсызда екінші қабаттың терезенінен құлап түскен. Бала бірден ауруханаға жатқызылды. «Жабық бас сүйек-ми жарақаты» диагнозы қойылды. Бүлдіршіннің жағдайы бір қалыпты, есін жиды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар