+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Таразда жыл соңына дейін 100 қоғамдық көлік жаңартылады

2019 жылғы 1 қараша 09:10
Бөлісіңіз:
Таразда жыл соңына дейін 100 қоғамдық көлік жаңартылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Өткен жылы қала автопарктері 71 бірлік немесе 15 пайызға жаңа автобустармен қамтылған болса, ағымдағы жылдың соңына дейін 100 автобуспен немесе 21 пайызға жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков айтып берді. Сондай-ақ ол қаладағы барлық 670 автобустың 213-інің тозығы жеткенін, пайдалану мерзімдері 7 жылдан асқандығын жеткізді.

Басқарма басшысы қоғамдық көлікпен қамтылмаған елді мекендерге автобус қатынасы ұйымдастырылып жатқанын да тілге тиек етті.

«Ауданаралық автобус маршруттарына оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, бірін-бірі қайталайтын бағыттар саны қысқартылып, оның орнына қоғамдық көлікпен қамтылмаған елді мекендерге автобус қатынасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 84 ауданаралық бағыттан 72 нақты қажетті бағыттар қалды», - деді Б.Жәнібеков.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT