Таразда жүргізуші куәлігін жасап берем деп алдаған 32 жастағы жігіт ұсталды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығының екі тұрғыны шағымданып келген.

Олар бейтаныс ер адамның сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігін дайындауға жәрдем көрсету сылтауымен олардың 425 мың теңге және 80 мың теңге көлеміндегі қаражатын қалтасына басқанын хабарлады.

Алайда жәбірленушілерге уәде етілген қызмет көрсетілмеген, ақша да қайтарылмаған.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Алматы облысының 32 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында күдіктінің тұрғындарға теориялық және тәжірибелік емтихандарсыз жүргізуші куәлігін алуды ұсынғаны анықталды.

Ол қолхатпен босатылды.


Соңғы жаңалықтар