Таразда жүрегі оң жағында орналасқан оқушы қыз тұрады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының тұрғыны, 6-сынып оқушысы Айдананың жүрегі оң жақта. Миллионның бірінде ғана болатын ерекшелікке ие жасөспірімнің денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айдана Махамбет бүгінде  Тараздағы  № 3 мектеп-лицейдің 6 «ә» лицей сыныбында оқиды.  Оқу озаты. Оның би билеп, ән салатын өнері де бар.  Математика пәніне деген бейімі терең. Әкесі - Асылбек Естаев көлік жүргізушісі болып еңбек етеді. Бізге бұл туралы  анасы - Индира Кенжебаева  айтып берді. 

null   «Біз қызымыздың жүрегіндегі мұндай ерекшелікті Айдана төрт жасқа келгенше байқаған жоқпыз. Көп ауырған емес. Төрт жасында қатты жөтеле берген соң, рентгенге түсіргенбіз. Дәрігерлер жүректің орны алмасып кеткенін сол кезде байқады. Осы жағдайды естіген соң, өзіміздің аймақтағы №9 емхана дәрігерлеріне әбден тексерілдік. Олар жүрек соғысының белсенді, баланың даму жағдайы бірқалыпты екенін, мұндай жағдайдың миллионнан бір адамда кездесе беретінін айтып, көңілімізді орнына түсірді», - дейді анасы.null

Айдана да денсаулығының жақсы, еш жері ауырмайтынын айтады. Ерекшелігін Алланың  бір  сыйы деп қабылдайды.  Бөлімшедегі мейірбикелер жиі келіп оның жағдайын біліп тұрады екен. Үйдің тұңғышы ол қашанда іні-қарындастарына қамқор. Өзі белсенді, ұқыпты, пысық.   Сөзге шешен. Кейде үлкен кісілердей тауып айтатын да қасиеті бар екен. Оның арманы - тігінші, дизайнер болу.
 «Мен мектептегі, үйдегі барлық шаруаға белсене араласамын. Білім ордасында өтетін іс-шараларда ән саламын. Бірақ, мектепте еліміздің Әнұраны орындалған кезде қолымды оң жағыма ұстаймын. Оған ұстаздарым бұл жағдайға тосырқап, оқушылардан ерекшеленбе дейді. Бірақ, менің жүрегім оң жағымда емес пе?», - деді Айдана. 

Ғибрат Сембай 

Соңғы жаңалықтар