+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Таразда жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін 2 фильтр бөлме ашылды

2020 жылғы 22 қазан 01:38
Бөлісіңіз:
Таразда жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін 2 фильтр бөлме ашылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы №5 емханада амбулаторлық науқастарға арналған екі фильтр бөлме ашылды. Ол жұқпалы аурулардың таралмауына көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 8 оқушы коронавиус жұқтырды Маңғыстау облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты БҚО-да қараша айында 355 адам коронавирустан емделіп шықты

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі жұқпалы аурулар өршіп тұрған шақта бұл кабинеттердің маңызы зор. Дертті енді ғана жұқтырған азаматтардан одан әрі таралуын тежеуге болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі келтірген мәліметке сәйкес, Жамбыл облысында арнайы сүзгі бөлмелерінде күніне 50-60 адам тексеруден өтеді. Көбінде жоспарлы ем қабылданады немесе жүкті әйелдерден ПТР-сынама алынады. Бұдан бөлек, дәрігерлер күн сайын ЖРВИ белгілері бар 5-6 науқасты қарайды.

Алғашқы фильтр бөлмені ашудағы негізгі мақсат – жедел респираторлы вирустық инфекцияның (ЖРВИ), яғни, безгек, жөтел және басқа белгілерін анықтау. Симптомдары бар науқастарды жедел оқшаулау маңызды.

Екінші фильтр бөлме келген азаматтарды белгілері бойынша бөлу, жүкті әйелдер мен балаларды оқшаулауға арналған. Науқастарда коронавирус инфекциясы болған жағдайда оларды бірден оқшаулап, қажет болғанда амбулаторлық емдеу шаралары қолданылады.

Осы арқылы пневмония секілді өкпені жасанды желдетуді қажет ететін аурулардың өршімеуін қамту мақсат етілуде.

Мұнда емделушілерге дәрігер мен екі медбике қызмет көрсетеді. Ақ халаттылар бөлек есіктен кіреді. Арнайы қорғаныш киімін киіп барып фильтр бөлмеге өтеді. Науқастарға қызмет көрсетіп болған соң олар арнайы киімін шешіп, басқа, тағы бір бөлек есік арқылы шығып тұрады.

Пациенттердің коронавирус анықталғаны туралы ПТР-сынама нәтижесі электронды мәліметтер базасына енгізіледі. Кейін олармен байланыста болған азаматтар тізімі анықталады.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды арнайы мобильді бригада үйде қарайды. Олардан да ПТР-тест алынады. Фильтр бөлмеде жұмыс істейтін мамандар қорғаныш құрал және пульсоксиметрмен толықтай қамтылды.

Келешекте емханаға коронавирус инфекциясының алдын алуды мақсат еткен пациенттерді де сұрыптау жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT