Таразда жүк көлігі 58 жастағы әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бүгін Тараз қаласының Жамбыл даңғылы бойында «Volvo» маркалы жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 58 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көп ұзамай күдікті автокөліктің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімеді.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңдатергеу шаралары полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.


Соңғы жаңалықтар