Таразда жоғалған 10 жасар бала табылды
2019 жылғы 8 қараша 00:10

Таразда жоғалған 10 жасар бала табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз қаласында жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қаласының Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің белсенді іздестіру нәтижесінде 6 қарашада жоғалып кеткен 10 жастағы бала Тараз қаласының Шөлдала аумағынан табылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT