+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Таразда жеңіл көлік жүргізуші төрт адамды қағып кетті, екеуі көз жұмды

2021 жылғы 15 қыркүйек 14:32
Бөлісіңіз:
Таразда жеңіл көлік жүргізуші төрт адамды қағып кетті, екеуі көз жұмды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында автокөлік жүргізушісі аялдама маңында тұрған төрт адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда көлік бағдаршамға соғылып, бір адам мерт болды ШҚО-да көлік аударылып, 3 адам зардап шекті Оралда автобус пен жеңіл көлік түйісіп, 45 жастағы әйел ауруханаға түсті

Бүгін Тараз қаласында С. Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бара жатқан Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, екі адам Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT