Таразда жазғы спартакиада басталды

Фото: Фото: Нұржан Қадірәлі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Қазақстан Республиасының VІ жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсімге ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов арнайы келді.

Іс-шара жоғары оқу орындары жанкүйер студенттерінің шеруімен басталды. Мұнан соң еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар құрама командалары ортаға шықты.

Еске сала кетейік, Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарының және 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында ұйымдастырылып отырған VI жазғы спартакиада 2003 жылдан бастап әр 4 жыл сайын жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында өткізіледі.


Ойындарға еліміздің бүкіл өңірінен 27 спорт түрі бойынша 10 мыңнан аса спортшы қатысып, бақ сынайды.

Мұнда грек-рим күресі, әйелдер күресі, еркін күрес, таеквондо, үстел теннисі, тректегі велосипед спорты, семсерлесу, спорттық гимнастика, батут гимнастикасы, бокс (әйелдер), баскетбол (ерлер, әйелдер), көркем гимнастика, волейбол (ерлер,әйелдер), дзюдо (ерлер, әйелдер), су добы (ерлер, әйелдер), қол добы (ерлер, әйелдер), садақ ату, байдарка мен каноэде есу, жүзу, велосипед спорты (тас жол), жеңіл атлетика, ауыр атлетика, оқпен ату, теннис, триатлон, стенд ату, бокс (ерлер) сынды спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Спартакиада бағдарламасына енетін 27 спорт түрінің 3 спорт түрі Тараз қаласында өтеді.

Олар – су добы (ерлер, әйелдер), волейбол (ерлер, әйелдер) және дзюдо (ерлер, әйелдер).

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның VI жазғы спартакиадасының ашылу рәсімі Таразда өтетінін хабарлаған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар