Таразда жасырын казино компьютер клубы болып жұмыс істеп келген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда жасырын казино компьютер клубы болып жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Тараз қаласындағы дүкеннің бірінде компьютер клубы ретінде Қазақстанның ойын бизнесі заңнамасының талаптарына сай емес, лицензиясыз жасырын түрде казино жұмыс істейтіндігін анықтады.

«Жедел-тергеу шаралары нәтижесінде белгісіз азаматтардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі әшкереленді. Тінту барысында клубтан 13 компьютер, 3 монитор, 148 800 теңге және 100 АҚШ доллары, бейнетіркеу құралы, үй-жайды жалға беру бойынша келісім құжатының көшірмесі және басқа да құжаттар тәркіленді», делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі тіркеліп, айғақ заттарды жинақтау және бекіту шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар