Таразда жанармай құю бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар қолға түсті. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Таразда автомобильге жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, 500 мың теңгені  алып кеткен 3 күдіктіні ұстады», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар, ол Қостанайда жеке тұрғын үйге пневамтикалық тапаншамен қарақшылық шабуыл жасап, егде азаматтың мүлкін алып кеткен жергілікті тұрғынның да қолға түскенін айтты.

Соңғы жаңалықтар