Таразда жалғызбасты әкелердің қозғалысы туралы айтылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің бөлімшелері республиканың барлық өңірлерінде ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысында жалғызбасты әкелер жиі кездеседі. Біздің елімізде отбасы және рухани-өнегелілік құндылықтар институтын нығайту, сондай-ақ балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлі бойынша мемлекеттік саясат жүзеге асырылып жатыр. Бұған таяуда өткен III республикалық әкелер форумы куә. Форумға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат - үлгілі әкелер жиналды», - деді облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова.

III республикалық әкелер форумына Жамбыл облысынан бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған «Освобождение-Юг» қоғамдық қорының президенті Дәурен Бағжанов пен жеті баланың әкесі, жеке кәсіпкер Ғалымжан Қалымбетов барады.

Жамбыл облысы әкімдігі кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның дерегі бойынша, 10 мыңнан астам жамбылдық бала толық емес отбасында тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ, балалардың 65% - әкелері, 35% аналары тәрбиелеуде.

Статистикалық деректер бойынша, Жамбыл облысы тұрғындарының жалпы саны жыл басында 1,111 млн адам болған. Соның ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 30% құрап отыр. 

Соңғы жаңалықтар