Таразда заңсыз жұмыс істеген 32 өзбекстандық елден шығарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 30-дан астам шетелдік азамат ҚР аумағында болу ережелерін бұзған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Тараз қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Жедел алдын алу іс-шарасы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау, шекараны заңсыз кесіп өту және шетелдік күштерді пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу деректерін және оларды ұйымдастырушыларды анықтау мақсатына негізделді.

«Шара барысында Тараз қаласы Шалғай Қарасу массивінде облыс аумағында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 32 азаматы анықталды. Олар осы ауданда ғимарат салу жұмыстарымен айналысқан. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік іс сотқа жіберілді. Сот шешімімен Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан шығарылды», - дейді Тараз қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Совет Кенжебаев.


Соңғы жаңалықтар