Таразда заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда жедел-сауықтыру шарасының барысында заңсыз ойындар ұйымдастырылып келген ғимарат анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Таразда арнайы рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп келген ойын бизнесіне арналған ғимаратты анықтады»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тексеру кезінде ойын аппараттары, электронды рулетка, бейнетіркегіш, ойын фишкалары, қолдан жасалған лотерея билеттері, лототрон, бухгалтерлік құжаттар сияқты заттай айғақтар мен 50 мың теңге табылды. Тексеру барысында бармен мен кассир қолға түсті.

Полицейлер «Ойын бизнесі туралы» заңның қадағалануын қамтамасыз етуге бағытталған жедел-іздестіру шарасының «Азаматтардың құқықтарын қорғау комитеті» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен жүргізілгендігін айтты.

Тәркіленген заттар бойынша, сот тараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 307 бабы, 1 бөлігі бойынша, яғни заңсыз ойын бизнесін және заңда белгіленбеген орындарда құмар ойындар ұйымдастыру әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, олар 2 000 АЕК көлемінде айыппұл төлеп, түзеу жұмыстарына жегілуі мүмкін. Сондай-ақ 2 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар