Таразда ұялы телефондардың IMEI-кодын өзгерткен екі күдікті ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында ұялы телефондардың сәйкестендіру кодын (IMEI-код) заңсыз өзгертті деген күдікпен екі адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Тараздың 37 және 25 жастағы екі тұрғыны ұрланған смартфондардың IMEI-кодын өзгерту дерегі бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Санкцияланған тінту барысында күдіктілердің пәтерінен дербес компьютер, ipad және 60 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Олардың барлығы ұрланған телефондардың базасы бойынша тексерілуде. Сонымен қатар, аталған азаматтарға ұялы құрылғыларды жеткізіп, сатып алған, кейіннен нарыққа өткізген деген күдікпен 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті»,- делінген мәлімдемеде.

Қазіргі таңда компьютерлік технологияларды зерттеу бойынша сот-техникалық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 213-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар