+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Таразда ұялы телефон ұрысы қолға түсті

2019 жылғы 18 шілде 10:15
Бөлісіңіз:
Таразда ұялы телефон ұрысы қолға түсті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер ұялы телефон ұрлығымен айналысқан адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 шілдеде Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан белгісіз адамның «Samsung Galaxy J4» маркалы ұялы телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, қашып кеткені туралы арыз түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 23 жастағы азаматты құрықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Күдікті бұдан басқа да тонау оқиғаларын жасағанын мойындады. Атап айтқанда, 2019 жылдың 14 маусымында «Samsung Galaxy J1» және «iPhone 5» телефондарын ашық түрде тартып алып, қашып кеткен. Ал келесі күні қоңырау шалу үшін біреудің «iPhone 7 Plus» маркалы телефонын сұрап, оны да әкетіп қалған. Сондай-ақ, 17 маусым күні 18 жасар қыздың «Samsung Galaxy J5» маркалы телефонын алып қойған» делінген ведомство хабарламасында.

Бүгінгі таңда аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігімен (бірнеше рет тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT