Таразда ұрланған көлік иесіне қайтарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында 15 қаңтар күні түнгі сағат 21:30 шамасында «102»-ге Volkswagen Golf маркалы көлікті белгісіз біреулер айдап кеткені туралы ақпарат түскен болатын. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің нәтижесінде көп ұзамай күдікті құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаладағы «Жайлау» шағын ауданының №15 үйінің маңынан ұрланған көліктің жүріп-тұруы Ташкент-Әйтиев көшелерінің қиылысындағы бейнебақылау камересіна тіркелген. Тез арада құрамында полиция лейтенанттары Ерлан Айтжанов пен Сағындық Әбілдаев бар құзырлы органның «Буран-32» тобы сонда жіберіліп, күдікті қолға түседі.

Айта кетейік, күдікті бұрын сотталған Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шыққан. Бүгінде ұрланған көлік иесіне қайтарылып, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар