Таразда ұландық сарбаздар бір күнде екі ұрлықты әшкереледі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда Ұлттық ұлан сарбаздары ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 сәуір күні жедел басқару орталығына қала тұрғының көлігінен аккумулятор ұрланғаны туралы ақпарат келіп түседі.

«Осы күні шамамен сағат 18:30-де 5513 әскери бөлімінен патруль-бекет қызметіне бөлінген әскери қызметшілер - ефрейтор Нұрбол Мұхтабек, қатардағы Ыдырыс Машуров және қатардағы Николай Краснов Шестаков көшесімен бағыт алып бара жатқанда «Неке және отбасы» медицина орталығының маңында суреттелген азаматты байқап, тоқтатады. Қолға түсіру кезінде ер азаматтың қолында үлкен сөмкесі болған. Мән-жайды анықтау үшін бөлімшеге жеткізілгенде, ол өз кінәсін мойындады» делінген хабарламада.

Сол күні тағы бір ұландық жауынгерлер ұрланған телефонды иесіне қайтаруға көмек көрсетті. Әскери жасақ бастығы қатардағы Жандос Сырымбетов бастаған, құрамында қатардағы Артем Тавадян мен Эльдар Мұратов бар жасақ берілген ақпарат бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінің қасында күдіктіні қолға түсіреді. Құзырлы орындарға жеткізілген соң оның ұрлық жасағаны толық расталған.

Соңғы жаңалықтар