+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Таразда түрмеге жолданған кір сабындардың ішінен алты ұялы телефон шықты

2020 жылғы 15 қаңтар 06:16
Бөлісіңіз:
Таразда түрмеге жолданған кір сабындардың ішінен алты ұялы телефон шықты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде тосын жәйт орын алды. Жіті тексеріс аясында күнделікті тұрмыста тұтынатын кір сабын ішінен 6 бірдей ұялы телефон мен қуаттағыш сымдар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Кентаулық үш жігіт көшедегі бейнебақылау камераларын таспен ұрып сындырған Өскеменде Ұлттық Ұлан сарбаздары садақа ұрлаған ұрыны ұстады Нұр-Сұлтанда әуежайдан 1,5 млн теңгенің жүгін ұрлаған екі адам  сотталды

Қулыққа барғандар әрбір сабынды жеке-жеке ерітіп, арасына телефонды тығып, қайта қалпына айнытпай келтірген. Тіптен бір қарағанда аңғару қиынға соғады. Дегенмен сақшы қырағылығының арқасында тыйым салынған заттар темір тордың ар жағына жете қоймады.

Аталған түзеу мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, тәркіленген 6 бірдей мобильдік құралдың төртеуі «NOKIA» және екеуі «L8STAR» маркалы. Соңғы екеуі тіптен шағын көлемді, соған қарамастан бейне, фото түсіру, аудио жазуға қауқарлы. Қорап сыртында амалын асыруға әрекеттенген жолдаушының ұялы телефоны нөмірі де көрсетіліпті.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс сотқа жолдану бағытында құжаттар рәсімделуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT