Таразда Тұңғыш Президент күні қарсаңында 40-тан астам отбасы жаңа пәтер иеленді (ФОТО)

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында салынған көппәтерлік тұрғын үй Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Тұрғын үй Тараз орталығында, ұзақ уақыт бойы салынған проблемалы «Атшабар» кешенінде орналасқан.

Еске сала кетейік, элиталық тұрғын кешенін үлескерлік құрылыс принципі бойынша салу 2006 жылы басталған. 2009 жылы үш корпустардың бірі пайдалануға енгізіліп, үлескерлердің бір бөлігі жаңа үйлеріне кірді. Алайда құрылысшы компания - «НПТЦ SNS» ЖШС-нің қаржылық мәселелері туындап, құрылыс тоқтап қалды. Жаңа инвесторлар құрылысты жалғастырудан қауіптеніп, ол бірнеше жыл жүргізілмеді.

2015 жылы құрылыспен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» айналыса бастады.

Облыс әкімдігінде ағымдағы жылдың басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы жариялап, соның аясында Үкіметке құрылыс пен тұрғындарға қолжетімді баспана ұсыну амалдарын қайта қарастыруды тапсырды.

Осы күнге дейін «Атшабар» тұрғын кешенінен пәтер алуға 100 өтінім тіркеліп, тұрғындарды төлем қабілеттілігін растау туралы 22 ескертпе алынды.

Бұдан басқа, алдағы уақытта Таразда «Бәйтерек» шағынауданында, «Арай» сілемінде және Маяковский көшесі бойынша тұрғын үйлер пайдалануға берілмек. Сондай-ақ 280 орынға арналған балабақша ашылады.

Соңғы жаңалықтар