Таразда «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы нәтижелі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шараны «Мүлдем төзбеушілік» Республикалық жедел-алдын алу акциясы аясында Тараз қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесі өткізді. Ол кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

«Жастар мен жасөспірімдер шоғырланған жерлерде Тараз қалалық прокуратурасымен, білім басқармасымен және »Жастар саясаты« ҚБ бірлесіп жеті рейд ұйымдастырды. Нәтижесінде түн мезгілінде спирттік ішімдік ішкен, қаңғыбастық пен қайыршылықпен айналысқан, түнгі уақытта қадағалаусыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер белгілі болды. Іс-шара барысында 73 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 59 хаттама толтырылды»,- делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Акция аясында ювеналды полиция қызметкерлері облыс орталығының төрт колледжінде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәрістер мен әңгімелесулер өткізді. Алдын алу жұмыстары жалғасуда.




Соңғы жаңалықтар