+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Таразда трансфузиялық медицина бойынша халықаралық конференция өтеді

2019 жылғы 13 қыркүйек 08:31
Бөлісіңіз:
Таразда трансфузиялық медицина бойынша халықаралық конференция өтеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында 13-14 қыркүйек күндері «Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оған Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдарының басшылары және Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы тағы басқа елдердің трансфузиология саласындағы сарапшылары қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да  JCI әлемдік стандартына сай алғашқы аурухана салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады 2020 жылдан медицина түлектерін аймақтарға бөлу автоматтандырылады

Халықаралық конференцияның кең ауқымды ғылыми бағдарламасында 30-дан астам баяндама оқылып, Қазақстандық мамандарға трансфузиялық медицина саласындағы көптеген қызықты хабарламаларды тыңдауға және түрлі жағдайларды талқылауға мүмкіндік бермек. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Онда спикерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталықтың» Ресей Федерациясына еңбегі сіңген өнертапқышы Жибурт Евгени, аталған ғылыми-өндірістік орталығының сапасын бақылау және аймақтармен жұмыс жөніндегі басшысы Наталья Тарасова және Жамбыл облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров аталмыш екі күндік халықаралық конференцияның маңыздылығы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ауқымды шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы «Еуразиялық Медициналық қауымдастығы» нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі мен Жамбыл облыстық қан орталығы бірлесе ұйымдастыруда.

«Конференция өзекті мәселелерді талқылау үшін әлемнің түрлі елдерінен жиналатын трансфузиологияның жетекші мамандарының тәжірибе алмасу алаңына айналады. Негізгі мақсат – донорлықты дамыту, қан қызметінің инновациялық бағыттарында халықаралық ынтымақтастықты арттыру және қан құю саласында үздік тәжірибені енгізу»,- дейді Гулам Умаров.

Ал, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманованың айтуынша, трансфузиологияның жекелеген проблемалық мәселелерін талқылау қажеттілігі, практикалық тәжірибе алмасудың маңыздылығы және халыққа трансфузиологиялық көмек көрсету стандартын енгізу тиімділігі мониторингінің нәтижелері Қазақстанға трансфузиялық инфекцияларға донорлық қанды зертханалық диагностикалау саласында халықаралық стандартты енгізуге мүмкіндік беруде екен. Ол донорлық қанның инфекциялық қауіпсіздігінің ең маңызды элементтерінің бірі жататын көрінеді.

Өз кезегінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының сапаны бақылау және аймақтармен жұмыс басқармасының бастығы Наталья Тарасова трансфузиялық терапияның иммуногематологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Айта кетейік, конференция барысында клиникалық трансфузиология, өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері, қан қызметіндегі ақпараттық технологиялар және трансфузиялық медицинадағы Зертханалық диагностика бағыттары бойынша үш секция жұмыс жасамақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT