Таразда трансформатор жанында ойнап жүрген 5 жасар баланы тоқ соқты

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда трансформатор жанында ойнап жүрген 5 жасар баланы тоқ соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап.
«Тараз қаласында Абдуллин көшесі бойында ересектердің қарауынсыз қалып, трансформатордың жанында ойнап жатқан кезде 2018 жылы туған баланы электр тогы соққан. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын барынша сақтау керектегін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар