+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Таразда той тыйылмай тұр: Заң бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 29 қыркүйек 07:30
Бөлісіңіз:
Таразда той тыйылмай тұр: Заң бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында карантин талаптарын бұзған кәсіп иелерінен 10 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілген,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Орал қаласында қосымша шектеу шаралары енгізілді Әнші Қуандық Рахымның қайынжұрты да айыппұл төлейтін болды Маңғыстауда 12 адам үй карантинінде отыр

Дүниежүзін үрей құшағында ұстаған биылғы пандемияның салқыны біздің елімізді айналып өткен жоқ. Алайда салдары ауыр соққан індеттен облыс орталығындағы мейрамханалардың иелері сабақ алмаған секілді. Мұны Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мобильдік штабтың арнайы ұйымдастырған рейдтерінің нәтижесінен көруге болады. Аталмыш мәселе қала әкімдігінде өткен жиында сөз болды. Басқосуға шаһардағы мейрамханалардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тараз қаласының әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың айтуынша, шаһарда салынған тыйымға қарамастан, мейрамханалардың мейманасы тасып, кәсібін жалғастырып жатқандары бар. Ол өткен сенбі, жексенбі күндері мейрамханалардағы карантин тәртібін сақтау бойынша арнайы рейд ұйымдастырылғанын жеткізді. Рейд барысында демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған нысандарды зерделеу кезінде «Сәтті», «Бүркіт», «Ақ сарай», «Сұлтан сарай», «Заравшан», «Севинч», «Ерғали», «Інжу-Маржан» сынды бірнеше мейрамханада той-томалақ болғаны анықталған.

«Осы заңсыздық бойынша жергілікті полиция қызметі қажетті материалдарды жинақтап, әкімшілік шара тағайындау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолдайтын болады. Жалпы осы уақытқа дейін Тараз қаласы бойынша 10 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді. Дегенмен, қанша тосқауыл қойғанымызбен заңбұзушылықтар тоқтар емес. Басты мәселе той иелерінде тұрған жоқ. Егер мейрамхана басшылары – сіздер, тапсырыс алмай, белгілі бір уақытқа дейін жұмыстарыңызды тоқтата тұрсаңыздар, мына әлемді әбігерге салып отырған дерттің екінші толқыны болмас та еді», – деп түйіндеді Алмас Садубаев.

Мұнан соң сөз алған Тараз қаласының жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы, полиция полковнигі Сәбит Мамытбеков, мейрамхана қожайындарына карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Десе де, наурыз айынан бері жұмысы тұралаған мейрамхана иелерінің де айтар уәждары жоқ емес. Бірқатар мейрамхана өкілдері де өз ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев, жиынға қатысушыларды сабырға шақырып, бірігіп жұмыс жасауға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT