Таразда той кортежімен жүрген 10-нан аса көлік айыптұраққа қойылды

None
Фото:t.me/POLICE_of_KZ
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда той кортежімен жол ережесін бұзғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап.

Жолдағы бейнебақылау жүйелері той кортежіндегі Tоyota Prado 150 және Audi автокөліктерін түсіріп алған. Автокөлік иелері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар кортедж құрамында болған тағы 10 автокөлік иесі анықталды. Lexus, Nissan автокөліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабымен, Land Rover, Hyundai, Priora, Hyundai автокөліктерінің жүргізушілеріне 590-бабымен, Nissan автокөлігінің иесіне 593-бабы 2-тармағымен жауапкершілікке тартылды.

Барлық көлік айыптұраққа қойылды. Тәртіп бұзушыларға 313 635 теңге айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар