Таразда тоғызыншы сынып оқушысының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото:
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда көз жұмған тоғызыншы сынып оқушысының өлімінің мән-жайын анықтауда. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 12 қазанында Тараз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 55 жастағы әйел қоңырау шалып, сағат 00:20-да облыс орталығындағы гараждардың бірінен 2008 жылы туған ұлы асылған күйінде табылғанын хабарлады. Оқиға орнында мәйітті тексеру барысында полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық іздерін анықтаған жоқ. Мәйіт Жамбыл облыстық мәйітханасына жеткізілді», - деп түсініктеме берді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар