Таразда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтіп жатыр

None
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 27 наурызға дейін өтетін чемпионатқа 17 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 20 құрама команда қатысып жатыр.

Тоғызқұмалақтың классика түрінен 350 ойыншы бақ сынауда, ал рапид және блицтен 50-ге жуық спортшы жарысқа түседі.

Шараның салтанатты ашылуына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының вице-президенті Батырбек Құлекеев, облыстық Спорт басқармасының басшысы Арман Тәшметов, тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Әбдікәрімов қатысты.

Чемпионаттың бас төрешісі ретінде жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Нұрханов қызмет етуде.


Соңғы жаңалықтар