Таразда теріс діни ағымдар туралы фильмнің тұсауы кесілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Тараз қалалық Мәдениет үйінде «Сағым» көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сағым» толықметражды көркем фильмінің алғаш көрсетілімін 300-ден аса адам тамашалады.

Аталған фильмде ХХІ-ші ғасырдың қасіретіне айналып бара жатқан әртүрлі діни ағымдар мен радикалдық ұйымдардың адамдарға тигізген зардаптары мен зияны туралы жан-жақты суреттеледі. Онда соқыр сенімнің салдарынан бақытты отбасылардың шырқы бұзылып, шаңырағын ортасына түскен кесірлі кесапаты, тура жолдан адасқан адамдардың бақытсыздығы бейнеленген картиналар туындының өзегіне айналған.

«Бұл көркем фильм еліміздегі жас жеткіншек өскелен ұрпаққа өмірлік сабақ болады деп ойлаймын. Киноны тамашалап отырып ерекше толқыдық. Қоғамда болып жатқан оқиғалармен бетпе-бет келгендей күй кештік. Бұл киноны көргендер бақыт пен бақытсыздықты, тура жол мен бұрыс бағытты бағдарлап, бейбіт күннің бағасын бағамдай түсері сөзсіз»,- деді киноны тамашалап болған соң өз әсерімен бөліскен мәдениеттанушы Әлібек Әмзеев.

Айта кетейік, фильм режиссері - Елжан Жармұхамедов. Бас рольдерді сомдаған актерлер - Руслан Нұрман, Нұрсұлтан Маханов және тағы басқалар.

«Сағым» көркем фильмінің тұсаукесер салтанатында облыстық кино орталығының директоры Сайлау Лесбаев саxна төріне шығармашылық ұжымды шақырып, көпшілікке таныстырып, фильмнің түсірілу барысы, маңызы туралы әңгімеледі.

Соңғы жаңалықтар