+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Таразда «Тегін нан» акциясы өтіп жатыр

2016 жылғы 25 қаңтар 22:17
Бөлісіңіз:
Таразда «Тегін нан» акциясы өтіп жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда мұқтаж адамдарға тегін нан таратылуда, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

«Ерекше мұқтаж жандар үшін тегін нан» акциясы қайырымдылық есебінен ұйымдастырылған. Қала кәсіпкерлері тұрғындардың осал топтарын осылайша қолдауды шешіті. Ниет білдірген кез келген адам, егер шынымен мұқтаж болса, бөлке нанды тегін ала алады. Дүкендерде нан сенім принципімен таратылуда», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Шара бес жекеменшік және он әлеуметтік азық-түлік дүкенінде басталған. Әрбір дүкенге бүгін 100 бөлке нан әкелінді.

Бұл акция өткізіліп отырған адамдардың арасында зейнеткерлер, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар бар.

Ұйымдастырушылар әлеуметтік акцияны Жамбыл облысындағы басқа аудандардың кәсіпкерлері қолдайтынын күтіп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT