Таразда тәулігіне 8 мың тонна балмұздақ шығаратын цех іске қосылады
2020 жылғы 18 қараша 19:53

Таразда тәулігіне 8 мың тонна балмұздақ шығаратын цех іске қосылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында «Империя» ЖК балмұздақ шығаратын цехының құрылысы аяқталуға таяу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев цехта болып, технологиялық желімен танысты. Бас директор Патохберди Талипов цех іске қосуға дайын екенін, инфрақұрылымды жүргізу мәселелерін шешу қажет екенін айтты. Өңір басшысы оған жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді. Ол кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тиісті тапсырма жүктеді.


«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша облысымызға ауқымды қаржы бөлінуде. Мәселе жобалардың аздығында болып отыр. Бизнес идеяларды қолдау үшін барлық мүмкіндік бар. Тек мәселені дер кезінде көтере білу керек», - деді облыс әкімі.


Жоба құны 800 миллион теңге. Қуаттылығы тәулігіне 8 мың тоннаға шақталған. Мұнда балмұздақтың 30 түрін шығару жоспарланып отыр. Серіктестіктің басқарушы директоры Рахат Әшімовтің айтуынша, кәсіпорында жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ол жазда үздіксіз өнім өндіруге мүмкіндік бар екенін жеткізді.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT