Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Таразда тандыр наннан шеге шықты

2019 жылғы 19 шілде 13:00 256
Бөлісіңіз:
Таразда тандыр наннан шеге шықты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында тандыр наннан шеге шығып, жер­гілікті тұрғындардың жағасын ұстатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропадағы ең қымбат азық-түлік өнімдері қай елде шығарылады Қазақстандықтар сүт өнімдерін аз тұтынады

Тараз қаласы «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғыны Лаура Азат­бекова үй маңын­дағы дүкен­нен әдеттегідей нан алып келеді. Түскі ас ішуге қамданғанда, тандыр нанның ортасынан шыққан шегені байқайды. Мұндай жағдай болады деп ойламаған тұрғын бұл көріністі дереу бейнекамераға түсіреді.

«Ба­лалар үйде болмай қалды. Әйт­песе, олар нанды тіс­теп жегенде не болатын еді?! Енді санэпидқадағалау мекемесі мұндай оқиғаларды болдырмау үшін бәрін қарап, тексеріп шықсын», - дейді ол.

Аталмыш дүкенге нан жеткізуші наубайхана шаһардағы бұрын­ғы көк базар маңындағы ескі сарайда орналасқаны белгілі болды.

«Біз тек шағымданушылардың арызы бойынша ғана тексеріс жүргізе аламыз. Шағымға байланысты жоспардан тыс тексеріс кезінде нысанда кемшіліктер анықталып жатса, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы, 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Сондай-ақ кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріледі»,- дейді Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам обьектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Мағфуза Давилова.

​Алайда, ол жергілікті тиісті мекемелер кәсіпкерлерге тікелей тексеріс жүргізуге дәрменсіз екенін айтады. Ол үшін еліміздегі жеке кәсіпкерлікті қорғайтын заң бойынша прокуратураның арнайы рұқсаты қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT