Таразда тағы 9 «ақылды аялдама» іске қосылды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС 19 аялдамаға «ақылды аялдама» жобасы аясында жарықдиодты цифрлық таблолар орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Таразда жарықдиодты цифрлық таблолардың 10 данасы 2021 жылы орнатылған болатын.

«Бұл жоба қала тұрғындарының көңілінен шығып, жақсы пікірлер айтылған соң, биыл мамыр айынан бастап қосымша тағы жаңа 9 жарықдиодты цифрлық табло іске қосылды. Атап айтсақ, Қазыбек би көшесіне – 2, Т.Рысқұлов көшесіндегі аялдамаларға – 4, С.Сейфуллин көшесіне – 1, Төле би көшесінің бойына – 1, «Қайқармет» базары маңына – 1 табло орнатылды», – деді цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков журналистермен өткен брифингте.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте басқарма басшысы сондай-ақ, елді мекендердің интернетпен қамтылуы, ІТ академия, жолақысын төлеудің электронды жүйесі жайына да тоқталды.

Бұған дейін 2025 жылдың соңына дейін Жамбыл облысындағы барлық елді мекен 4G байланыспен қамтылатынын хабарлаған болатынбыз.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифнгіде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндаған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов цифрландыру бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Соңғы жаңалықтар