Таразда сыбайлас жемқорлық жасаған 7 адам бас бостандығынан айырылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласы №2 сотында 2020 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша онлайн брифинг өтті. Брифинг барысында сот төрағасы Низамиддин Жамашов соттың есептік кезеңіндегі статистикасын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, өткен жылдың 12 айында сотқа 928 қылмыстық іс түссе, оның 890 қылмыстық ісі қаралған.

Үкім шығару арқылы 681 іс қаралып, 3 қылмыстық іс медиация арқылы аяқталған, тараптардың татауласуына байланысты сотқа дейінгі процесс барысында 126 тұлға бойынша қылмыстық іс қысқартылған.

«Есепті мерзімде сотталған 729 тұлғаның ішінде айыппұл түріндегі жаза сыбайлас жемқорлыққа қатысты емес істерді қоспағанда 130 тұлғаға тағайындалған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 5 650 624 теңге. Өз еркімен төленген айыппұл сомасы — 1 543 516 тенге, сот орындаушылармен төленген айыппұл сомасы 1 818 896 теңге, төленуге тиісті айыппұл сомасы - 1 111 200 теңге» дейді сот төрағасы.

Сондай-ақ, өткен жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық бойынша 23 қылмыстық іс түсіп, барлығы қаралған.

Оның ішінде 15 тұлғаға айыппұл түріндегі жаза тағайындалса, 7 тұлға бойынша бас бостандығынан айырылған.

Алты тұлға бойынша бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, 7 қылмыстық іс қаралу үстінде.

«2020 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 15 сотталушыға айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалған, салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 106 677 780 теңге, оның ішінде төленген айыппұл сомасы – 74 177 780 теңге, төленбеген айыппұл сомасы – 32 млн 500 мың теңге»,-дейді Н. Жамашов.


Соңғы жаңалықтар