Таразда сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) облыс орталығының сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға 1 млрд.-тан астам теңге бөледі.

«ЕҚДБ «Тараз Су» МКК-на сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртып, оны одан да энергиялық тиімді ететін және судың жоғалтылуын азайтуға мүмкіндік беретін 1,05 млрд. теңге көлемінде несие береді», - делінген хабарламада.

ЕҚДБ-нің мәліметтерінше, бұл жобаны қаржыландыруға Қазақстан Үкіметі 345 млн. теңге көлемінде инвестициялық грант, ал Тараз қаласының әкімдігі - 105 млн. теңгені құрайтын грантты ұсынады.

«ЕҚҚДБ мен Қазақстан Үкіметі 10-нан астам облыста жылумен жабдықтаудан қоғамдық көлікке дейін бірқатар коммуналдық секторларды қолдап келеді, бірақ біз азаматтардың өмірін тікелей жақсартатын сумен жабдықтау және су тарту бойынша жұмысты ерекше маңызды деп санаймыз», - деп хабарламада ЕҚҚДБ-нің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкманның сөзі келтірілген.

«Тараз-су» МКК-ның мәліметтерінше, облыс орталығында негізгі бөлігі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары салынған сумен жабдықтау және кәріз жүйелері құбырларының тозуы 80 пайыздан асады, немесе 386 шақырым құбырға жеткен. Бұл ретте желілер бойынша беріліп отырған судың жоғалуы жыл сайын 30 пайыздан асып отыр.

Соңғы жаңалықтар