Таразда студенттерді адалдыққа тәрбиелейтін дүкен ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Жастар жылына орай Тараз қаласындағы Медициналық колледжде «Integrity Shop» сатушысыз дүкен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерекше дүкен «Жамбыл - адалдық алаңы» жобасы аясында қолға алынған. Жобаның тұжырымдамасында студент өзіне қажетті сомаға тауар алады. Кассалық аппараттың орны арнайы қораппен алмастырылған. Алған заттардың ақшасын сол қорапқа салу қажет. Аталған механизм скандинавия елдерінде бірнеше жылдар бойы сәтті жүзеге асырылуда. Дүкеннің ашылуына қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Тюлебаевв жобаның маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, жастардың бойында әділдік және адалдық құндылықтарын тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Осындай механизмдерді енгізу - жастарда оңтайлы моральдық қасиеттерді нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді», - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, аталмыш Медициналық колледжде Жастар жылы шеңберінде Co-working орталығы және жаттығу залы ашылды.

Соңғы жаңалықтар