Таразда сот жасөспірімдер үшін тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ювеналды сот қызметкерлері жасөспірімдер үшін Тараздың тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ювеналды сот ұжымы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар үшін тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды. Балаларды заңды өкілдер алып барды. Олар сотталушылар жазаларын өтейтін жерді көре алды», - деді Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш экскурсияны өткізудегі мақсат - кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыру және оларға қоғамда дұрыс тәртіп сақтамау салдарының қандай болатынын көрсету.

«Шара соңында жасөспірімдер мен олардың өкілдері сот және тергеу изоляторының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді», - деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінде.

Соңғы жаңалықтар