Таразда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазушының дүние есігін ашқан күні қарсаңында Тараз қаласындағы «Астана» шағын ауданындағы өзі тұрған 7-үйге ескерткіш тақта орнатылды. Қаламгер бұл үйде 2009-2013 жылдары тұрған. Аталған белгінің орнатылуына Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы ұйытқы болды.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев сөз сөйлеп, Шерхан Мұртазаның қазақ әдебиетінде өзіндік орыны бар тұлға екенін, ұлт қайраткеріне арналып ескерткіш-тақтаның ашылуы ұрпақ үшін ұлағатты іс екенін баса айтты.

Бұдан кейін салтанатты түрде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, жазушының немере інісі Әлижан Мұртазаның қатысуымен ескерткіш-тақтаның лентасы қиылды. Олар сөз алып, әйгілі қаламгер туралы орамды олйраны ортаға салды.

Еске салсақ, бүгін – Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза және Оралхан Бөкейдің туған күні.



Соңғы жаңалықтар