Таразда «Сервистік әкімдік» ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сервистік әкімдік» кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік әкімдік "Жамбыл - адалдық алаңы" жобасы аясында жүзе асқан. Онда қала тұрғындарына жер қатынастары және сәулет мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтің 14 түрі ұсынылмақ.

Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты - азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлық деңгейін төмендету.

Айта кету керек, «Open Ѕрасе» жаңа форматта қызмет көрсететін кеңседе электрондық үкімет порталын да қолдануға болады.

«Алдағы уақытта жұмыс принциптерін зерделейтін боламыз. Арыз-шағымдарды қарау мерзімі қаншаға дейін қысқартылды немесе тағы да қандай өзгерістер енгізу керек? Оны алдағы уақытта әкімдікпен бірге зерделеп отыратын боламыз. Осындай ашықтық принципін басқа да аудандарға енгізуді ұсынып отырмыз. Енді осы ұсыныстар қарастырылып, жаңа сервистік әкімдіктер ашылады деген ойдамыз», дейді аталмыш департамент басшысы Равиль Төлебаев.

null

Соңғы жаңалықтар