Таразда сарбаздың әскери бөлімнен қашып кетуіне не себеп болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Оңтүстік» аймақтық командованиесінен сарбаздың әскери бөлімнен қашып кетуіне не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, «Оңтүстік» аймақтық командованиесі механикикаландырылған бригадасының әскери қызметкері,19 жастағы Нұрасыл Арысбаев түнгі кезекшілік кезінде ешкімге ескертпестен әскери бөлімнен кетіп қалған.

Оның әскери қызметінің аяқталуына жарты жыл уақыт қалған еді.

Жігіттің туыстары оның қашып кеткеніне сенген жоқ, себебі содан бір күн бұрын үйіне телефон шалған ол жағдайының жақсы екенін айтқан.

Сарбаз төрт күннен кейін табылды. Оны іздеу жұмыстарына бүкіл Жамбыл облысы бойынша 19 іздеу тобы, соның ішінде құқық қорғау органдары, Тараз гарнизонының әскери полициясы жұмылдырылған.

Жігіттің әскери бөлімнен қашып кетуіне не себеп болғаны жайында ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Дина Мұхаринова баяндап берді.

«Сарбаз үйін сағынып, барғысы келгенін, бірақ соның алдында ақша тапқысы келгенін айтып отыр. Бөлімдегі қызметкерлер арасындағы қатынас жарғыдан тыс шыққан жоқ. Бұл - нағыз үлгі етерлік әскери бөлім. Әр бөлімшесінде тәрбиеші офицерлер, психологтар бар. Барлық жерде бейнебақылау камерасы орнатылған. Әлімжеттік жоқ. Өзім сонда үш жыл бойы қызмет атқарып, ондағы сарбаздарға өз балаларынан кем қарамайтынын айта аламын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар