+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Таразда психотроптық дәріні аяқ киімге салып түрмеге өткізбек болған

2019 жылғы 6 қараша 08:35
Бөлісіңіз:
Таразда психотроптық дәріні аяқ киімге салып түрмеге өткізбек болған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы түзеу мекемесінде отырған жазасын өтеушіге дәрілік препарат толы аяқ киім жолдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда түрме қоршауынан зат лақтырған ер адам жауапкершілікке тартылды Павлодарлық әйел түрмедегі танысына темекіге орап есірткі өткізбек болды Қарағандыда қамаудағы азаматтарды қоғамға бейімдейтін бағдарлама енгізілмек

Тараз қаласында орналасқан ЖД-158/7 мекемесінде дәрі-дәрмек толтырылған ерлерге арналған етік табылды. Аяқ-киім Алматы қаласынан сотталғандардың біріне жолданған.

«Жаза өтеушілерге кезекті рет жолданған сәлемдемелерді тінтіп-тексеру барысында сәлемдеме күдік туғызған. Режім бөлімі бастығының орынбасары Саят Рақымов пен 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы Мөлдір Оңғарбаева жіті зерделеу барысында былғары бәтеңкенің табаны яғни ұлтарақ асты толы екенін анықтаған. Тексеру нәтижесінде 491 дана белгісіз ақ дәрі табылды», делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасы 1 полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды. Сот-химиялық сараптамада аталған дәрінің психотроп екендігі толықтай дәлелденді. Басқарма мамандарының айтуынша дәрігердің қатаң рецептімен ғана саудаланатын емдік заттың мұндай көп мөлшерде қоғамда еркін қолдан-қолға қалай тарағаны тексерілу үстінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT