Таразда Президент резиденциясының орнына оқу-сауықтыру орталығы ашылады

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында орналасқан Президент резиденциясы әкімдік қарамағына беріліп, онда балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

40 орындық облыстық «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығын ашуға 610,8 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров айтты.

«Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көп балалы және аз камтылған отбасылардан шыққан 48 671 баланы ыстық тамақпен, киім-кешекпен және жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамсыз етуге 5,7 миллиард теңге бөлінген.

Аз қамтылған отбасыдан шыққан 1-4 сыныпта оқитын 70 639 баланы және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін 11 326 баланы ыстық тамақпен қамтуға 3 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралды», – деді сондай-ақ, Нұржан Календеров.

Сонымен қатар, ол 2020-2023 жылдары 44 мыңға жуық педагогтің жалақысы 100 пайызға, яғни 2 есеге өскенін де мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда оқушы электр энергиясын өндіретін жоба ойлап тапқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар