Таразда пәтердегі өрттен күйіп қалған ерлі-зайыптылар ауруханаға жеткізілді

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында өрт сөндірушілер 5 адамды тілсіз жаудан құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 4 ақпан сағат 10:10-да Жамбыл облысы ТЖД күш-құралдарын жедел басқару орталығына хабар түскен.

Онда бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерден өрт шыққаны айтылған.

Өрт сағат 10:34-те сөндірілді.

Өрт сөндірушілердің күшімен 5 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала бар.

20 адам, ішінде 8 бала эвакуацияланды.

1981 жылғы пәтер иесі мен оның 1987 жылғы жұбайы күйікпен ауруханаға жатқызылды.


Фото: t.me/qr_tjm


Соңғы жаңалықтар