Таразда өткен форумда әйелдер кәсіпкерлігі сөз болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда халықаралық әйелдер форумы өтті, деп хабрлайды ҚазАқпарат.

Жиында «Кәсіпкер әйелдердің мүмкіндігі. Болашаққа көзқарас» тақырыбында өткен шеберлік сыныбы мен талқылау барысында Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің өкілдері сөз алды.

Форумға Қазақстан мен Қырғызстанның кәсіпкер әйелдері қатысып, кәсіпкерлік саласын одан әрі жетілдіру мен осы саладағы нақты жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыға салды.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тимур Жәңке өзінің кіріспе сөзінде әйел азаматтардың кәсіпкерлік саласындағы үлесінің көптігін, олар тарапынан қоғамды жетілдіруге бағытталған көптеген бастамалардың жолға қойлыып жатқандығын атап өтті.

«Мемлекет кәсіпкерлік саласына барынша қолдау көрсетіп отыр. Біз Сіздерді толғандырған мәселелер туралы сауалдардың барлығын тыңдап, жауап беруге және қандай да бір мәселелер мен ұсыныстар бойынша тиімді шешім қабылдауға дайынбыз»,-деді ол.

Осы орайда форумға қатысушылар тарапынан әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында бірнеше ұсыныс келіп түсті. Осылайша, іскер әйелдер кеңесі әйелдердің индустриалды аймағын ашуды ұсынды.

«Біз әскер әйелдерге өнеркәсіп алаңдарын бөлуге, жалпы осы бағытағы жұмысты қолдауға дайынбыз. Әйел азаматтар алдымен мұнда жалға алу құнын жеңілдікпен төлеген болатын. Өз кезегінде аталмыш шара олардың қолға алған істерін жолға қоюға мол мүмкіндік берді»,-деді.

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Марипбек Шәкербек әйелдер үшін, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған ауылдағы әйелдер үшін жасалған мүмкіндіктер туралы айтты. Олар «Бастау бизнес» жобасы аясында тегін білім, жеңілдікпен несие алып, өз ісін, бастап, аяғынан тұрып кетуге мол мүмкіндік алатындығын атап өтті.

«Бұған мысалы өз бетімен перзент асырап отырған әйел туралы айтуға болады. Ол арнайы білім, мемлекеттен 500 мың теңге несие алды. Өз ісін бастаған соң несиесін жауып тастады. Есесіне қазір оның тұрақты кіріс әкеліп отырған бизнесі бар»,-деді М.Шәкербек.

Өздерінің сәтімен жүзеге асырылып жатқан бизнестері туралы тәжірибелерімен Гүлдара Нұрымова, Айнұр Зәуірбекова, Жұлдыз Мұхтарханқызы сияқты қырғызстандық және Жамбыл облысының іскер әйелдері бөлісті.

Форум есетлік сыйлықтар табыстап, шараның ең белсенді азаматтарын марапаттаумен аяқталды.



Соңғы жаңалықтар