Таразда «Орталық базар» аумағында өрт болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Орталық базар» өртенді ,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласы, Асқаров көшесіндегі «Орталық базар» аумағында өрт оқиғасы орын алды.

Базардағы «Бәйтерек» үш қабатты сауда корпусының екі қабаты өртке оранған. Ғимараттың бірінші қабатында дүкен орналасса, 2-қабаты бос болған. Жалын барлығы 160 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минтута жеткен. Шұғыл әрекеттің нәтижесінде өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінен 43 адам мен11 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ»,-делінген облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар